Текст
12.04.2023
Елді мекендерді көктемгі санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру айлығы аясында мектебіиізде 11.04.2023ж.күні мектеп ауласының аумағындағы бордюрларды әктеу жұмысы жүргізілді.
31.03.2023
30 наурыз Бурабай ауданындағы «Арман» БЖШО орталығында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Біздің мектептен музыка пәнінің мұғалімі Аккожина Айнұр Асқарқызы мен «Мирас» балабақшасының тәрбиеленушісі Закрина Айлин қатысып ІІІ орынға ие болды.
30.03.2023
17 наурыз мектебімізде «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты концерттік бағдарлама өтті. Мерекеге арналып шашу шашылып, ұлттық ойындар ойналды. Асханада қазақтың ұлттық тағамы жайылып наурыз көже пісіріліп дәм тату етті.
30.03.2023
6 наурыз «Smart-бала 2023» зияткерлік-шығармашылық сайысы өтіп, жеңімпаздар анықталды.
29.03.2023
13 наурыз мектебімізде «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Байқауға 9 сынып қатысып өз өнерлерін шыңдап І орын - 4-сынып, ІІ орын – 7 сынып, ІІІ орынды – 2 сынып жеңіп алды. Қалған сыныптар номинациямен марапатталды.
29.03.2023
1 наурыз «Алғыс айту» күні аталып өтті. Іс-шара барысында оқушыларға ризашылық пен алғыс, жақсы тілек туралы түсінік берілді. Оқушылар «Алғысымыз шексіз» атты акция жариялап мектеп мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.
29.03.2023
7 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып концерттік іс-шара өтті. Іс шараға мектептегі барша әйел ұжымы мен ардагер аналарымыз қонаққа шақырылды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ер мұғалімдер гүл шоғын сыйлап тілектерін білдірді.
21.02.2023
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар.
Жыл сайын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің , мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері...
17.02.2023
13.02 күні мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқықтық білімді насихаттау мақсатында Бурабай ПБ ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Маженов Арман Манасұлымен 5-11 сынып оқушылары үшін кездесу өткізілді. Кездесу барысында Арман Манасұлы түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бурді.
17.02.2023
9 ақпан күні 8-сынып оқушылары Мұқағали мақатаевтің 92 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кеш барысында ақынның шығармаларына шолу жасалып, өлеңдері оқылды.