Текст
30.10.2023
25 қазан - Республика күніне орай 5-7 сынып оқушылары арасында Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 19 қазан күні "Көк туды желбіреткен" атты спорт тақырыбына арналған сурет салу байқауы өтті.
30.10.2023
Қарашілік ауылының ЖОББМ мектебінің бастауыш сыныптары арасында "Аяулы күз, Алтын күз- 2023" атты мереке өтті. Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар күз мезгіліне байланысты дайындаған қол өнерлерін таныстырды.Оқушылар ортаға өздері жаттаған өлеңдері мен өнерлерін көрсете білді.
30.10.2023
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде "Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында және Республика күніне орай оқушылар арасында қазақтың ұлттық биі "Қара жорға" биін билеу челленджі өтті.
30.10.2023
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 5-10 сыныптар арасында 13.10 күні "Арайлы алтын күз" атты мереке өтті.
Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу, әртістік, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, сыныптар марапатталды. Ерекше қолөнермен көзге түскен оқушылар жеке номинацияларға ие болды.
13.10.2023
28.09күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 2-3сынып оқушылары арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді
13.10.2023
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 27.09 күні 5-10 сынып оқушылары арасында буллинг пеп кибербуллингтың алдын алу мақсатында ақпараттық жұмыс өткізілді. Іс-шара барысында: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллинг құрбандарына психологиялық қолдау және көмек көрсету қарастырылды. Іс — шара соңында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
13.10.2023
6.09 күні "Адал ұрпақ" клубының мүшелері "Бір пара - екі қылмыс" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтірер зардабы мен оған қоғамымызда жол бермеу туралы бағыт-бағдар беру.
13.10.2023
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің Бастауыш сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" деген тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
13.10.2023
25 қыркүйек Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 2-сынып оқушылары "Ертегілер әлемінде" деген тақырыпта қызықты ертегі көріп, өз ойларын ортаға салды. Жаман әдеттердің, арам ойдың адамға қандай әсері бар екенін түсінді.
13.10.2023
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 2.10 күні «Қариясы бар елдің - қазынасы бар » атты мектебімізде оқушылардың орындауында ауылымыздың қарияларына арналған мерекелік концерт өткізілді.